Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір салынады

450

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты. 

Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір салынады Фото: Vlast.kz

Өңірдегі көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін биыл 136 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz. 

"Облыстық және аудандық маңызы бар 656 шақырым автомобиль жолдарын, сондай-ақ көшелер мен елдімекендерді жөндеу жоспарланған", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Аймақ басшысы бұл мақсаттарға 27 млрд теңге қаржы бөлінгенін атап өтті.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында биыл қыркүйекте облыс орталығында Ертіс өзенінен өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталады. Қоғамдық көлікті дамыту – басым бағыттардың бірі. Трамвай бағыттарын кеңейтіп, алдағы екі жылда 70 вагонды жаңартамыз. Өңірдегі 3 қалада қоғамдық көлік паркі жаңартылып, 125 жаңа автобус сатып алынды", - деді Асайын Байханов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу