Павлодарда Ertis Promenade жобасының екінші маусымы басталды

1288

Ertis Promenade сахнасында жұлдыздар әр апта сайын демалыс күндері өнер көрсетеді.  

Павлодарда Ertis Promenade жобасының екінші маусымы басталды

Жаз бойы отандық және шет елдік әртістер өнер көрсететін Ertis Promenade жобасының биылғы маусымын облысымыздан шыққан эстрада жұлдыздары бастады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

1 маусымда Павлодар қаласының төменгі жағалауында орналасқан Ertis Promenade сахнасында жазғы өнер маусымы туын желбіретті. "Өңірімізде осындай жоба жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымыз. Өйткені жоба тұрғындардың көңілінен шығуда. Келіп концерт тамашалап, сүйіктілеріне айналған өнерпаздарды тыңдап, демалып қайтады. Жұртымыз риза деген ойдамын. Биылғы маусым көрермендерді қуантатынына сенімдімін", - деді "Шаңырақ" облыстық орталығының директоры Риза Аяпбергенова.

 Жобаның 2019 жылғы маусымын өңірімізден шығып, бүгінгі Қазақстан эстрадасының жұлдыздарына айналған әншілер Меруерт Түсіпбаева, Роза Мұқатаева және Ринат Мальцагов ашты. 

 Ertis Promenade сахнасында жұлдыздар әр апта сайын демалыс күндері өнер көрсетеді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу