Павлодарда есірткі дайындап, сатумен айналысқан бірнеше айлакер ұсталды

77

Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Павлодарда есірткі дайындап, сатумен айналысқан бірнеше айлакер ұсталды Фото: Константин Шелков

Өңірде тыйым салынған заттарды әзірлеп, таратқан интернет-дүкен өкілдері мен оларды келісілген жерлерге жасырып жүрген ер адам анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Алдымен полиция өкілдері есірткі саудасын оң жолға қойып алған екі күдіктіні ұстады. Іздеу барысында олардан синтетикалық есірткі салынған 186 орама, 28 медициналық тамызғыш тәркіленді. Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітовтің айтуынша, мұндай айғақтар күдіктілердің заңсыз есірткі тасымалдаумен айналысқанын көрсетеді.  

Сол сияқты полиция өкілдері ақ ұнтақ салынған 12 пакетті әр түрлі орынға жасырып қойған тағы бір ер адамды ұстады. Сарапшылар бұл пакеттерге жалпы салмағы 7 грамм болатын синтетикалық есірткі салынғанын анықтады. Тұрғылықты жерінен салмағы үш граммнан асатын каннабис майы бар шыны колбалар да табылды.

"Есірткі заттарын сату мақсатында дайындап, өңдеп, өндіруге қаысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды", - деп хабарлады Болат Нұрсейітов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу