Павлодарда есірткі қоймасы жойылды

460

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері есірткі құралдарын пайдалануға арналған притонды жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.   

Павлодарда есірткі қоймасы жойылды Фото: polisia.kz

Қабылданған шаралар нәтижесінде полицейлер заңсыз есірткі мен заттарды бірлесіп пайдалану үшін нашақорларға өз тұрғын үйін берді деген күдікке ілінген 37 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын анықтады.

Тінту барысында тұрғын үй-жайда жедел қызметкерлер шприцтерді, бос құтыларды, күйе іздері бар ыдыстарды, сондай-ақ есірткіні пайдалану үшін қолданатын өзге де заттарды тауып, тәркіледі.

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды", деп хабарлады Павлодар облысы ПД ЕҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Арсен Айғазин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу