Павлодарда есірткі сақтаған алматылық екі тұрғын ұсталды

234

Тінту барысында олардан белгісіз ұнтақ заты салынған 58 орама табылып, тәркіленді.  

Павлодарда есірткі сақтаған алматылық екі тұрғын ұсталды Фото: polisia.kz

Павлодарда полиция есірткі қылмысына қатысы бар алматылық екі тұрғынды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар Павлодардағы уақытша тұрып жатқан мекенжайынан ұнтақ зат салынған екі полиэтилен пакет, оқшаулағыш таспа, zip-lock қалташалар, магниттер, электрондық таразылар мен фольга алынған.

– Алынған заттарға қатысты сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдіктілерге бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ белгіленді. Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу және өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу