Павлодарда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

480

Жеті адам интернет-ресурстар арқылы байланыссыз тәсілмен психотроптық заттарды сатқан.

Павлодарда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Павлодарда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"Қарасора-2022" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде операция барысында 3,2 келіден астам "синтетика" заңсыз айналымнан алынып, альфа-PVP синтетикалық есірткінің 10 мыңнан астам бір реттік дозасын сатуға жол берілмеді", – деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодарда 18-36 жас аралығындағы жеті адам интернет-ресурстар арқылы байланыссыз тәсілмен психотроптық заттарды сатқаны анықталды.

"Күдіктілер әлеуетті "сатып алушылардың" ешқайсысымен тікелей байланыста болған жоқ. Байланыс тек әлеуметтік желілердің көмегімен жүргізілді, онда бетбелгілер арқылы келесі дозаны сату үшін қалдыратын", – деп атап өтті облыс Полиция департаментінің бастығы.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК 262-бабы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Істің 9 фигуранты Павлодар қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу