Павлодар облысында жедел уәкілдер облыстық прокуратураның үйлестіруімен есірткі құралдары мен психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Оларды тінту кезінде таратуға дайындалған екі полиэтилен орамы және жалпы салмағы шамамен 90 грамм болатын психотроптық зат салынған екі қаптама тәркіленді. Сонымен қатар электронды таразылар, қаптамалық материал, ұялы байланыс құралдары, банктік карталар және іске дәлел болатын өзге де заттар алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айғазин.
Аталған интернет-ресурсты бұғаттау жөнінде шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға ақпарат жолданды.