Павлодарда есірткі таратқан әйел ұсталды

109

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Павлодарда есірткі таратқан әйел ұсталды Фото: polisia.kz

Павлодарда Telegram арқылы белгісіз тұлғаларға заңсыз есірткі сатуды жоспарлаған әйел ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тінту іс-шаралары барысында әйелден 9 орама тәркіленді. Сондай-ақ, оның телефонынан тыйым салынған заттарды таратуға арналған кэштердің бағыттары анықталған.

"Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 5 грамға жетті. Сараптама нәтижесі бойынша оның Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған синтетикалық есірткі екені анықталды. Бұл дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау немесе өткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп мәлімдеді полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу