Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жедел қызметкерлер есірткі таратумен айналыспақ болған Алматы қаласының тұрғынын ұстады.
Тергеу мәліметінше, күдікті интернет-дүкен арқылы тасымалдаушы ретінде жұмыс істеген. Ол синтетикалық есірткі заттарын жасырын орындарға қалдырып, таратуды жоспарлаған.
– Күдікті өз кінәсін мойындады. Тінту барысында синтетикалық есірткі салынған орамалар тәркіленді. Сондай-ақ одан зип-пакеттер, электронды таразы және есірткіні қаптауға арналған құралдар табылды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айгазин.
Күдікті қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге тұлғалар анықталып жатыр.