Павлодарда ескі су колонкалары алынып тасталмақ

92

Жоба келесі аптада басталады деп күтіліп отыр.  

Павлодарда ескі су колонкалары алынып тасталмақ Фото: livejournal.com

Облыс орталығындағы жер үйлерді біртіндеп орталықтандырылған ауызсу құбырына қосу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Павлодар қаласының жер үйлері орналасқан аумақтардағы су колонкаларын алып тастауға шешім қабылданды. Олардың саны бүгінде 100-ден асады. Жақын күндері облыс орталығындағы шағын аудандардың тұрғындарын орталықтандырылған ауызсу құбырына қосылады. Осыған орай көшелерде тізіліп тұрған ескі су құрылғылары жойылады. 

Бұл туралы Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов айтты.

– Қала бойынша тұрғындарды орталықтандырылған ауызсуға қосуға арналған 5 жобаны жүзеге асыру көзделген. Жоба аясында колонкаларды аламыз. Жер үйлерге ауызсу кірген соң бұл құрылғылардың қажеті болмайды, – деді Ержан Иманзайыпов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу