Павлодарда футболшылар финалдық бәсекеде төбелесті

Ойынға қатысушылар жауапқа тартылды. 

Павлодарда футболшылар финалдық бәсекеде төбелесті Фото: ti.pavlo

Павлодар облысында әуесқой футболшылар арасында тұрақты түрде турнир өткізіліп келеді. Бірақ биылғы сайыстың ақтық ойыны төбелеске ұласып, аяқ допшылар жасыл алаңда жұдырығын ала жүгірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Ақсу қаласы мен Павлодар ауылы жастары арасындағы финалдық матч Усолка шағын ауданындағы аулалардың бірінде орнатылған шағын жасыл алаңда өтті. Тартысты бәсеке қыза түскен кезде футболшылар ойынды ығыстырып қойып, төбелесе кетті. Бұл сәт жанкүйерлердің телефонына жазылып, кейін әлеуметтік желіде тарады. 

"17 қыркүйек күні полицияға Майра көшесі, 49/1 мекенжайында жанжал орын алғаны туралы хабар түсті. Бұл күні әуесқой командалар арасында футболдан финалдық ойын өтіп жатқан еді. Екі команданың ойыншылары арасында түсініспеушілік туындады", - дейді Павлодар қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев. 

Аталған факт оңтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Бірақ бұған қатысты ешкімнен шағым түскен жоқ. Соған қарамастан тексеріс нәтижесінде 1993, 1994 және 1996 жылы туған азаматтарға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, спорттық шараның тәртібі бұзылғаны үшін турнирдің ұйымдастырушыларын жауапқа тарту мақсатында облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасына тиісті хат жолданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу