Павлодарда газгольдер жанып, оқушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды

Облыс орталығындағы газгольдер орнынан от шыққан.

Павлодарда газгольдер жанып, оқушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды Фото: ТЖД

Павлодар қаласындағы Жеңіс алаңы, 5/1 мекенжайында өрт шығып, мамандар газдың жануын сөндіруге кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдай қызметіне қоңырау 13.31-де түскен. Белгілі болғандай, көлемі бес текше метр болатын жерасты газгольдері тұтанған.

Өрт сөндірушілер 2 шаршы метр алаңдағы газ ауа қоспасын жедел сөндіруге және оны салқындатуға кірісті.

Оқиға орнында ТЖД басқаруымен жедел штаб құрылды.

Адамдардың қауіпсіздігі мақсатында жақын орналасқан ғимараттардан 850-ден астам адам эвакуацияланды. Олардың қатарында бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары, әкімшілік ғимарат қызметкерлері және жақын орналасқан №11 мектептің 556 оқушысы мен 48 қызметкері бар.

Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Рустамбек Амриннің айтуынша, эвакуацияланған халықты жылыту үшін 3 автобус және аталмыш орынды қоршауға 3 полиция экипажы тартылды.

Өрт сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу