Павлодарда гүл сататын дүңгіршек өртенді

292

Зардап шеккендер жоқ. 

Павлодарда гүл сататын дүңгіршек өртенді Фото: видео скриншот

Өрт жалпы ауданы 20 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгін сағат 06.32-де Павлодар қаласының Назарбаев даңғылы бойында орналасқан гүл сататын дүңгіршектің жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Белгілі болғандай, жеке тұрған нысанның шатырындағы ағаш құрастырмалары отқа оранған. Оқиға орнына жеке құрамның 5 қызметкері мен бір техника жіберілді. Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау 07.03-те толық сөндірілді. Оның жалпы аумағы 20 шаршы метр болғаны анықталды", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу