Павлодарда халал-пиццерия ашылды

1146

Павлодарда халал-пиццерия ашылды

Облыс әкімі Болат Бақауов "Додо Пицца" франшизасы бойынша жұмыс істейтін отбасылық тамақтану орнының ашылуына қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мұнда пиццаның 20 түрі мен тіске басар, десерттер, салаттар, паста мен сусындар ұсынылады.

"Заманауи тамақтану орны цифрландыру элементтеріне ие болуға тиіс, - дейді өңірбасшысы. – Бұл дәмханада барлығы цифрландырылған, қызметкерлер планшеттер пайдаланады. Мұндайды барлық жерлерде енгізу керек".

Павлодар осындай отбасылық орын ашылған үшінші қала атанды.

"Біздің пиццериялар желісі Алматы облысында үш, Қостанайда екі дәмхананы иеленеді, - дейді Hightower компаниясының басқарушы директоры Константин Тарасов. – Бәрінде де тамақты тезәзірлеп, тапсырыстарды лезде жеткізуге тырысады. Павлодар тұрғындары мен қалақонақтары да мұны бағалайды деп үміттенемін".

Константин Тарасовтың айтуынша, ас мәзірінде маусымдық азық-түліктер көп қолданылады. Жаңа жыл қарсаңында дәмханада пицца-оливье ұсыныла бастайды.

"Пиццерияның тағы бір ерекшелігі – мұнда алкоголь сатылмайды және тағамдар әзірлегенде шошқа еті қосылмайды, - дейді басқарушы директор. – Мұнда балаларшеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ қайырымдылық жобаларға қатысуға ниеттіміз".

Қонақтардың назарына балаларға арналған бөлме мен кәсіби үстел футбол Kicker ойыны, сондай-ақ DODO FM радиостанциясының үздік әндері ұсынылады.

Константин Тарасовтың айтуынша, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатындаресейлік басқарушы компания аптасына екі рет "Құпия сатып алушы" тексерістерін ұйымдастырады. Тапсырыстар қаланың кез келген ауданына бір сағатта жеткізуге кепілдеме беріледі. Егер тапсырыс осы уақытқа дейін жеткізілмесе, дәмхана атынан үлкен пиццаға сертификат беріледі.

Пиццерияны салуға жұмсалған инвестиция 50 миллион теңгені құрады. Жаңа тамақтану орнында барлығы 35 адам жұмыс істейді деп жоспарланады. Жұмыскерлер жалақысы 80-150 мың теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу