Павлодар қаласының прокурорлары өңір экономикасына 400 млрд теңгеден астам инвестиция салған 20 кәсіпорынға қатысты электр энергиясына тарифтерді қолдану саласындағы бұзушылықтарды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша инвесторларға жеңілдік тариф белгіленді, бұл электр энергиясының құнын төмендетуге мүмкіндік берді.
Қабылданған шара "Павлодар" АЭА қатысушыларының шығындарын қысқартты және өңірде инвестициялық қызметті жүргізу үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды қалыптастыруға ықпал етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу