Павлодарда TAKORP қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұйымдастырушылар қаржы пирамидасын ашық жарнамалаған. Ұсталғандардың бірі кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдірген, екіншісі – кінәні жартылай мойындаған.
Сот оларды кінәлі деп танып, келесі жазаларды тағайындады:
- Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтеумен 6 жылға бас бостандығынан айыру;
- Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтеумен 1,5 жылға бас бостандығынан айыру.
Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздарын толық көлемде қанағаттандырды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу