Павлодарда ірі көлемде есірткі таратумен айналысқан екі бойжеткен ұсталды

110

Күдіктілер қазіргі уақытта қамауға алынды.  

Павлодарда ірі көлемде есірткі таратумен айналысқан екі бойжеткен ұсталды Фото: polisia.kz

Павлодар қаласында Жетісу облысының екі тұрғыны ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

24 және 25 жастағы әйелдердің үстінен есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз сақтау, тасымалдау, жөнелту, сату мақсатында дайындау, сондай-ақ өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тінту барысында олардың жанынан жасырып кету тәсілімен таратуға дайын орамдар табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесі күдіктілердің аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтағанын растады.

– Ұсталғандар өз кінәсін жасырмай, алдын ала оралған және таратылуға дайын есірткіні сатып алғандарын мойындады. Олардың міндетіне Павлодар қаласында жасыруға арналған орындарды таңдап, координаттарын кураторға жеткізу кірген, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу