Павлодарда ішімдік сату заңнамасын бұзған үш кәсіпкер лицензиясынан айырылды

1277

Ал 31-інің лицензиясының қызметі тоқтатылды. 

Павлодарда ішімдік сату заңнамасын бұзған үш кәсіпкер лицензиясынан айырылды

Павлодарда полиция қызметкерлері 21 жасқа толмаған адамдарға ішімдік өнімдерін сату және ішімдік заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мас күйінде жасалған қылмыс деңгейі 56%-ға төмендеген.

"Бүгінгі таңда құқық қорғау органдары алкогольдік заңнаманы бұзудың 34 фактісін анықтады. Оның ішінде мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен үш жеке кәсіпкер лицензиядан айырылды, ал 31-інің лицензиясының қызметі тоқтатылды. Мысалы, облыс орталығында сағат 21.20-да Мир көшесінде орналасқан дүкенде тәртіп сақшылары белгіленген уақыттан тыс 1 бөтелке арақ сату фактісін анықтады", – дейді департаментте.

Аталмыш факті бойынша жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК 200-бабы, 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды (алкогольдік өнімдерін сату бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу). Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты дүкен иесіне лицензияны тоқтатумен 40 АЕК есебінде айыппұл салды. Полицейлер осы бағыттағы алдын алу жұмысын тұрақты түрде жүргізеді, әсіресе кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сату фактілеріне ерекше назар аударуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу