Павлодарда ішімдікке сылқия тойған мектеп күзетшісі оқушыны ұрып тастаған

393

Кәмелетке толмаған жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Павлодарда ішімдікке сылқия тойған мектеп күзетшісі оқушыны ұрып тастаған Фото: BFM.ru

Полиция Павлодар қаласының №36 орта мектебінде кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу дерегі бойынша тексеруді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мектеп күзетшісі сол күні жұмысқа мас күйінде келіп, 6-сынып оқушысының кеудесінен ұрған. 

"Полиция Павлодар мектептерінің бірінде кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу дерегі бойынша тексеруді бастады. 19 ақпан күні мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеудесіне соққы жасаған. Бала ауруханаға жүгінген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиғадан кейін күзетші медициналық айықтырғышқа орналастырылған. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін жауапқа тартылып, айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу