Павлодарда полицейлер 21 ақпанда жоғалып кеткен 52 жастағы кәсіпкердің денесін тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Павлодарлық Асулан Нұрмағамбетов 21 ақпанда Торайғыров 1/3 мекен-жайынан белгісіз бағытта көлігімен кетіп, содан бері оны ешкім көрмеген. Туыстары оның ешқашан ескертусіз шығып кетпегенін айтады.
“Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын жоғалып кеткен қала тұрғынының мәйітін тапты. Қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде”, –деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Тергеу барысында болған оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталатыны көрсетіледі.