Павлодарда іздеуде жүрген 15 қылмыскер қолға түсті

111

Жыл басынан бері Павлодар облысы полициясы тергеу органдарынан жасырынған қылмыскерлердің орнын анықтаған.    

Павлодарда іздеуде жүрген 15 қылмыскер қолға түсті Фото: polisia.kz

Іздеуде жүрген барлығы 15 қылмыскер қолға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазақпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

"Ұсталған қылмыскерлердің ішінде тонау, ұрлық, зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғалары, көлік ұрлығы және есірткі қылмыстары бойынша іздеуде жүргендер бар. Мысалы, туған елінде жол-көлік оқиғасын жасап, қаржыны жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Душанбедегі әріптестерімізге хабар берілді", – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары әділеттен қашып құтылудың ешбір жолы жоқ екенін айтады.

Қашқындар тіпті шетелде жасырынса да, жасаған әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу