"3 оқушы жарақат алды": Павлодардағы әскери мектепте жаппай төбелес болды

232

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"3 оқушы жарақат алды": Павлодардағы әскери мектепте жаппай төбелес болды Фото: canva.com

Қабанбай батыр атындағы "Жас сарбаз" облыстық мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатының шәкірттері жаппай төбелесіп, 3 оқушы жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірлік полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, 2007-2008 жылы туған оқушылар арасында жанжал туындап, оның соңы жаппай төбелеске ұласқан.

"Полиция қызметкерлері мектеп кабинеттерінің бірінде төбелес болғанын анықтады. Оның барысында кәмелетке толмаған үш оқушы дене жарақаттарын алған. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Мамандардың айтуынша, оқу орнында тексеру жүргізіледі. Оның нәтижесінде білім ұясының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жаза қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу