Павлодарлық тұрғынның осыдан бірнеше күн бұрын белгісіз біреу мініп кеткен "Лексус GХ-460" маркалы темір тұлпары табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жоғалған темір тұлпар қала шетіндегі контейнерлердің бірінен табылды. Көлікке ешқандай зақым келмеген. Қазіргі уақытта қажетті тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, аталмыш оқиғаға қатысы болуы мүмкін күдіктілерді анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда", – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 6-ақпан күні жоғалған көліктің иесі әлеуметтік желілер арқылы жоғалған дүниені тауып берген адамға 1 000 000 теңге көлемінде сыйақы беруге дайын екені туралы хабарлама таратқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу