Павлодарда қайырымдылық акциясына тағы үш супермаркет қосылды

1612

Бұл қайырымдылық шарасы өткен жылдың желтоқсанында басталған болатын. 

Павлодарда қайырымдылық акциясына тағы үш супермаркет қосылды

"Тауар сатып алып, көмекке зәру жанға қол ұшын бер" атты акция SMALL, METRO, "Лидер" дүкендерінде жалғасын тапты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 1 желтоқсанда "Клуб добряков Павлодара" қоғамдық қоры қайырымдылық іс-шарасын бастаған болатын. Қаланың бес супермаркетінде жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар, мүмкінгі шектеулі азаматтар мен жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету мақсатында мейірбокстар мен "мейірімділік себеттері" орналастырылды. Көмекке зәру жандардың тізімі үнемі жаңартылып отырады. Павлодарлықтар тапсырған азық-түлік пен киім-кешек нақты кімге берілгенін Instagram желісіндегі @club_dobryakov_pavlodar_ парақшасында жарияланады.

"Клуб добряков Павлодара" мүшелері аталған сауда орындарын тұрақты аралайды. Жәшіктердің ішіндегі заттарды Клуб мөрі соғылған куәлігі бар азамат қана ала алады. Еріктілер ережелер туралы да ескертеді.

"Мейірбокстарға арналған заттар таза және жөндеуді қажет етпейтін күйде болуға тиіс. Оларды өздеріне жаңа киім сатып ала алмайтын адамдар киіп жүретіндігін ұмытпау керек. Қайырымдылық көмекті шын жүректен жасаңыздар. Сүт, яки макаронның бір пакетін сатып алғанда тағы біреуін "мейірімділік себетіне" салсаңыздар дейміз. Жақсылық өзіңізге айналып оралады. Бүгін біреуге көмектессеңіз, ертең сізге де көмек беретін біреу табылады", – дейді еріктілер.

Акция басталғалы Greenwich сауда орталығымен бірлескен жұмыс нәтижесінде 30-дан астам отбасы азық-түлікпен қамтылды. Еріктілердің айтуынша, ендігі кезек Екібастұз супермаркеттері мен Ақсудағы Skif сауда орталығында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу