Павлодар – Қызылорда автожолында КамАЗ жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алдын ала мәліметтер бойынша 3 желтоқсан күні Екібастұз қаласының Марғұлан ауылынан 20 шақырым қашықтықта, "Павлодар-Қызылорда" автожолында КамАЗ-4310 көлігі жолдан түсіп кетіп аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.
Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Айта кету керек, бұған дейін Көлсайда туристер мінген көлік аударылып, жолаушы қаза тапқанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу