Павлодарда қант қызылшасын өндейтін зауыт салуға инвесторлар қажет

719

Павлодарда қант қызылшасын өндейтін зауыт салуға инвесторлар қажет

Павлодарда қант қызылшасын өндейтін зауыт салу үшін инвесторлар іздестірілуде. Бұл туралы агенттікке берген сұхбатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Осыдан екі жыл бұрын Ақтоғай ауданы мен Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка ауылдық округінде тәжірибе ретінде қант қызылшасы отырғызылды, - деді Төлеген Көшербаев. – Алқаптардың көлемі айтарлықтай үлкен  емес, бір-екі гектарды құрады. Сол кезде біздің мақсатымыз аймағымызда осы өнім қалай өсетіні және оның қанттылығын білу еді. Осылайша, бір гектрадан 500 центнер өнім алдық. Бұл көрсеткіш картоптан да жоғары болып шықты. Кейін қант қызылшасын Астана қаласының зертханасына жібердік. Біздің қызылша 23 пайыз қанттылығын көрсетті. Бұл оңтүстік аймақтардағы көрсеткіштен 6-7 пайызға жоғары  екені анықталды".

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, қант қызылшасын жинау кезінде қарбыздың көлеміндей және салмағы он келіге дейін жететін қызылшалар кездескен.

"Біздің тауар өндірушілер қант қызылшасын өсіруге дайын. Тәжірибе нәтижесі  облысымызда ауарайы да бұған қолайлы болып шыққанын көрсетуде. Енді алдымызда шешілмей тұрған екі мәселе  бар.  Бұл - тауарды өкізу нарығы мен қант қызылшасын өндейтін зауыттың құрылысына инвесторларды табу. Бүгінде бұл бағытта жұмыс жүргізілуде", - деді Төлеген Көшербаев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу