Тиегі ағытылған арнаның суы Екібастұздың ауылдық аймағы мен Ақтоғай ауданы бойынша 21 мың гектардан астам шабындыққа жайылады деп жоспарлануда.
Әкімдіктің сөзінше, бұл жылдағы дәстүр көренді. Қыс бойы жиналған қар суы осылайша жем-шөптің жақсы шығуына пайдаланылып жатыр.
– 4 сәуірде оңтайлы ауа райы жағдайлары мен топырақ ылғалдылығының жай-күйін ескере отырып, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан Шідерті өзеніне табиғатты қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жіберулер басталды. Бекітілген көлем 120 млн текше метрді құрайды. Жалпы, су жіберу есебінен Екібастұз қаласының ауылдық аймағы мен Ақтоғай ауданында орналасқан 21 мың гектардан астам шабындық алқаптарын су басады деп болжанып отыр. Су жіберулердің барлық кезеңін мердігер ұйым және облыс әкімдігі бақылайтын болады, – деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаева.