Павлодарда қараусыз саяжайларға студенттер көкөніс өсірмекші

861

Павлодарда қараусыз саяжайларға студенттер көкөніс өсірмекші

Павлодарда "Жасыл ел" жастар жасағының сарбаздары көктемде саяжай учаскелерін ретке келтіре бастайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жасыл ел" қалалық штабының жетекшісі Рамиль Смаиловтың айтуынша, қараусыз қалған саяжайларда студенттер көкөніс өсіретін болады.

"Саяжайлар көбінесе тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалардың мекеніне айналатыны белгілі. Біз осы учаскелерді жөндеп, бақша дақылдарын өсіреміз. Кейін көкөністерді аз қамтамасыз етілген отбасыларға, студенттерге сатамыз. Бұл жобаға ақша бөлініп қойған", – Рамиль Смаилов.

Айта кетейік, өткен жылы өңірлік штаб 13 бағыт бойынша 2500 адамды жұмысқа орналастырған. Сарбаздар 25 ауланы көріктендіріп, "Қаз қонақ" табиғи ескерткішін қоқыстан тазартты. Парламент Мәжілісінің депутаты Әлия Сапарова жастардың бұл бастамасын қолдайтынын атап өтті. Кездесудің соңында студенттер қонақтармен бірге селфиге түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу