Павлодарда кәріз құбырынан шала туған сәбидің денесі табылды

547

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Павлодарда кәріз құбырынан шала туған сәбидің денесі табылды Фото: yandex.kz

20 сәуір сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберісінің жертөлесінде кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған ер баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. 

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу