Павлодарда кәріз құдығындағы газ иісі 6 адамның өмірін жалмады

Қаралы оқиға 20 шілде күні Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жоламан ауылында тіркелген.  

Павлодарда кәріз құдығындағы газ иісі 6 адамның өмірін жалмады Фото: istockphoto.com

Кәріз құдығында алты кісі – 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылғы адамдар газ иісінен уланып қайтыс болғаны расталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

1988 жылғы азамат Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілген, облыстық денсаулық сақтау басқармасы оның жағдайының тұрақты екенін хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл 7 ер адам электр су сорғыштың ақауын жөндеген. Қайтыс болғандардың ең кішісі небәрі – 16 жаста.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, оларға қолдау көрсетілетінін мәлім етті. 

– Отбасыларға арнайы материалдық көмек беріліп, жыл аяғына дейін жалақы төленеді, несиелерін өтеуге жәрдем жасалады, компания кәмелетке толмаған балаларды 18 жасқа толғанға дейін асырау және оқыту шығынын мойнына алады, – деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы мемлекеттік еңбек инспекциясына, полицияға және прокуратураға оқиғаның мән-жайын анықтауды қатаң тапсырған. Полиция көп адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу