Павлодарда қару кезеніп қарақшылық жасаған полиция қызметкері болып шықты

1173

Керекуде дүкендерге шабуыл жасап, 120 мың теңгені тартып алып кеткен қарақшы, ішкі істер органының қызметкері екені анықталды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Павлодарда қару кезеніп қарақшылық жасаған полиция қызметкері болып шықты

Ол Павлодардағы желілік полиция бөлімінің кіші сержанты болып шыққан. Бетіне бетперде киіп облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде сатушы қызға қару кезеніп кассадағы ақшаны талап еткен болатын. Алайда, бойжеткен бой бермеген. Қарсылыққа тап болған қарақшы қашып құтылған. Бірақ, оған дейін күдікті тағы бір дүкенге дәл осылай шабуыл жасап, кассадан 120 мың теңгені тартып алған. Осы фактіден кейін Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы мен орынбасары да  қызметінен босатылды. Тағы сегіз қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал, қарақшының кейпіне еніп елді шулатқан полицей тергеуде жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу