Павлодарда кәсіпорын қызметкерлеріне 737 млн теңге жалақы төлемеген

89

Павлодар қаласы прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, еңбекақыны уақытылы әрі толық төлеу қажеттігін еске салады.

Павлодарда кәсіпорын қызметкерлеріне 737 млн теңге жалақы төлемеген Фото: gov.kz

Павлодар қаласында прокуратураның араласуынан кейін 737 млн теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы өтелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген мониторинг барысында Павлодар қаласындағы қала құраушы кәсіпорындардың бірінде 2025 жылғы қыркүйек айы үшін еңбекақы төлемеу фактілері анықталды. Жүргізілген талдау нәтижесінде бұл деректер өз дәлелін тапты.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 737 миллион теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы қысқа мерзім ішінде толық өтелді. Нәтижесінде 3 380 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу