Павлодарда қатты аяз салдарынан 15 көпқабатты үйдің тұрғындары сусыз қалды

839

Павлодарда қатты аяз салдарынан 15 көпқабатты үйдің тұрғындары сусыз қалды

Павлодарда бір аптаның ішінде аяз салдарынан сумен қамту жүйесінде төрт апат орын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке берген сұхбатында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Алмаз Мусинов айтты.

"Осы аптаның ішінде бүгін сумен жабдықтау жүйесінде төртінші рет ақау шығып отыр, - деді Алмаз Мусинов. – Бұған дейін Толстой – Иса Байзақов көшелерінде, Екінші Павлодарда Чкалов-Хабаровская, Лесозавод аумағында - Ермак – Байжанов көшелерінде тіркелген. Көбінесе мұндай жағдай су құбырларының тозуынан және температуралық режимді сақтамау салдарынан болады. Бір апта бойы далада аяз тұр. Түнде сынап бағаны минус 35-40 градусқа дейін төмендейді.

Сонымен қатар, ол бүгін 1 Мамыр - Торайғыров көшелерінің қиылысында 1 Мамыр, Торайғыров және Крупская көшелеріндегі 15 көпқабатты үйдің тұрғындары бір жарым сағат сусыз қалғанын атап өтті.

Мамандардың пікірінше, апаттың орын алуына тікелей құдықтағы диаметрі 500 мм құбырдың арматурасындағы ысырманың зақымдануы себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу