Павлодарда қатты тұман салдарынан ірі жол апаты болды

Жол апатында бірнеше көлік соқтығысты. 

Павлодарда қатты тұман салдарынан ірі жол апаты болды Фото: ПД баспасөз қызметі

Кешелі бері Павлодар облысында қатты тұман тұр. Облыс сыртындағы жолдар түгілі ауыл мен қала ішінде жүрудің өзі қиын, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қатты тұманның салдарынан бүгін таңертең Омбы–Майқапшағай бағытындағы автомобиль жолында ірі жол апаты болды. Павлодар ауылының жанында бірнеше жүк көлігі мен жеңіл көліктер соғылды. Барлығы бес көлік жол оқиғасынан зардап шекті.

"Өкінішке қарай, Mitsubishi көлігінің жолаушысы – әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта апат орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде", – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ал төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері тұрғындарға тұманды күнде алыс жолға шықпауға кеңес беріп, ескертеді. Кейбір жерлерде 50 метрден алыс қашықтықта түк көрінбейді. Сондықтан бұл күндері сақ болған жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу