Павлодарда Қазақстан шахмат федерациясы филиалының кеңсесі ашылды

170

Павлодар облысында шахмат ойынына ерекше көңіл бөлініп жатыр.

Павлодарда Қазақстан шахмат федерациясы филиалының кеңсесі ашылды Фото: Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы

Мәселен, 13 мыңнан астам адам осы спорт түрімен тұрақты шұғылданады. Барлық мектепте шахмат кабинеттері ашылған, деп жазады inbusiness.kz сайты

Кеңсе облыс орталығындағы "Smart" бизнес орталығында орналасқан. 

– Ашылу рәсіміне өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Имашев, Павлодар облыстық шахмат федерациясының президенті Артур Шпейзер қатысты. Сондай-ақ, ардагерлерге арналған кабинеттің тұсауы кесілді. Мұнда ардагерлер жиналып, шахмат ойнай алады. Кабинет ойынға арналған он төрт үстелмен жабдықталған, – деп хабарлады өңірлік спорт басқармасынан.

Атап өту керек, Ертіс-Баян өңірінде бүгінде шахмат ойынымен 13 мыңнан астам адам шұғылданады. Шахмат спортын дамытуға айрықша мән берілген. Барлық мектепте шахмат кабинеттері жұмыс істейді. Жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында 12 секция ашылып, 500 баланы қамтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу