Оқыс оқиғадан жұмысшылар жарақат алып, ғимарат қирады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мәліметінше, жергілікті кәсіпорындардың бірінде газбен жылытылатын қазандықтың жарылған.
"20 ақпан күні сағат 16.26-да "Blue Star PV" ЖШС қазандығының ғимаратында газ қоспасының жарылуынан төбе опырылып, оң жақтағы қабырға жартылай құлады",-делінген департамент хабарламасында.
Кәсіпорын жұмысшылары да зардап шекті. Операторлардың бірінің денесін күйік шалып, ол облыс орталығындағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Автогазды тасымалдайтын көлік жүргізушісі де дене жарақатын алды. Бірақ ауруханаға барудан бас тартты.
Алдын-ала тексеру жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, жарыоыс болған қазандық ғимараты газ арқылы жылытылған. Сондықтан оқыс оқиғаға газ қоспасының дұрыс пайдаланылмауы себеп болуы мүмкін. Мамандар мән-жайды анықтауда.