Павлодарда келесі аптадан бастап жылу өшіріледі

188

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімдігі хабарлады. 

Павлодарда келесі аптадан бастап жылу өшіріледі Фото: inbusiness.kz

Қаладағы жылу желілерін гидравликалық сынау, жөндеу жұмыстарының басталуына орай облыс орталығында 15 сәуірден бастап орталықтандырылған жылу беру тоқтатылады. Кейбір шағын аудандарда бұл уақытта ыстық сумен қамту да шектеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қала әкімінің қаулысына сәйкес, 15 сәуір күні Павлодар қаласында жылыту маусымы аяқталады. Жылыту маусымын аяқтау туралы шешім ҚР "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңы негізінде және сыртқы ауаның тұрақты оң орташа тәуліктік температурасына байланысты қабылданды", - деп мәлімдеді әкімдіктен.

Айта кетейік, биылғы жылу маусымы 2023 жылғы 18 қыркүйектен басталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу