"Әуежай-Павлодар" АҚ-ның кірме теміржолдарында әуе керосині бар екі темір цистернасы жолдан шығып қалып, біреуі аударылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Төтенше жағдай 29-қазан күні орын алған. Темір жолдың зақымдалуынан жанар-жағар майы бар екі темір жол цистернасы жолдан шығып қалды. 60 тонналық әуе керосині бар цистернаның біреуі төңкеріліп, төрт шаршы метрге 2643 келі әуе керосины төгілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу