Павлодарда киіз үй лагерьлері жұмыс істейді

1168

Павлодарда киіз үй лагерьлері жұмыс істейді

Биыл жазғы демалыста 2264 оқушы киіз үйде демалатын болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы агенттікке облыстық білім беру басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Сәуле Нұрғалиева мәлім етті.

-  Балаларды этномәдени тәрбиеге, ұлттық салт-дәстүрге, фольклорға тарту мақсатында маусым-тамыз айлары аралығында 380 оқушының қамтылуымен Качир ауданында "Ауыл", Май ауданында "Ұлы дала елі" және Шарбақты ауданында "Ата бабаларымыздың салт-дәстүрлері" атты киіз үй лагерьлері жұмыс істейді. Бұдан басқа, үш қала мен жеті ауданда 1884 оқушы үшін киіз үй элементтері бар 16 лагерь ашылады. Жалпы, облыс аудандарының ауылдық аймақтары әкімдіктерінің қолдауымен 28 киіз үй орнату жоспарланып отыр. Бюджет қорынан 2 миллион 600 мың теңгеден аса қаражат қарастырылған. Бірінші кезекте әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын отбасылардың балалары қабылданады. Сонымен қатар, өз еркімен ниет білдірген оқушылар да бара алады, - дейді Сәуле Нұрғалиева.

Бас маманның айтуынша, лагерь бағдарламасында жас өрендерге қазақ тілін  үйрету, салт-дәстүрлер және әдет-ғұрыптармен таныстыру қарастырылған. Сонымен қатар, ұлттық ойындар, түрлі конкурстар, викториналар өткізу жоспарланған.

Еске сала кетейік, былтырғы жылы барлығы 14 киіз үй тұрғызылып, 11 мыңнан астам оқушы қамтылған. Бұл мақсатта әртүрлі деңгейдегі бюджеттен 1,5 миллион теңге бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу