Павлодарда қоғамдық көлікте дөрекілік танытқан жолаушы жауапқа тартылды

546

Әйел электронды билетті көрсетуден бас тартып, бақылаушыларға күш көрсеткен.

Павлодарда қоғамдық көлікте дөрекілік танытқан жолаушы жауапқа тартылды Фото: gov.kz

Павлодарда автобуста дөрекілік танытқан павлодарлық сот алдында жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотта Павлодар тұрғыны өз іс-әрекетін билет тексерушілері өздерін таныстырмай, оған бірден  "сен" деп тіл қатқаны үшін ашуланғанын айтып, түсіндірді. Оның айтуынша, ауызша ұрыс кезінде ол бейәдеп сөздер сөйлеген. Алайда ол сөздер бақылаушыларға арналмаған.

Сот кезінде  ашулы жолаушы оқиға орнына шақырылған полицейлердің көзінше де дөрекі сөйлегені анықталды.

Осылайша, Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты әйелді ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 17250 теңгеге айыппұл салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу