Павлодарда қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді

1059

Қатты аяздың салдарынан алыс жолға шығуға тыйым салынды. 

Павлодарда қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді

Соңғы күндері Павлодар облысында ауа температурасы -30 градустан жоғары көтерілмей тұр. Тіпті, кейбір елді мекендерде сынап бағасы -45 градусқа дейін түсті. Сондықтан республикалық және облыстық маңызы бар барлық жолдарда дизельді отынмен жүретін автомобильдердің, қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылды.

"Ауа температурасының -39 градусқа дейін төмендеуіне байланысты дизельді отынмен жүретін көліктер үшін жол жабық. Тұрғындардың тұрғылықты жерден шықпай, сақтық шараларын сақтауын сұраймыз", - дейді Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Қайрат Бертібаев.

Бірақ кейбір тұрғындар ескертулерді құлаққа ілер емес. Мәселен, Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінде тұратын бір жасар қыз 31 желтоқсан күні сағат 22.00 шамасында ата-анасымен аулаға қыдыруға шыққан. Бірнеше сағаттан соң ата-анасы бүлдіршіннің оң жақ қолы ісіп кеткенін байқаған. Жедел жәрдем дәрігерлері баланың қолын үсік шалғанын анықтап, ауруханаға жеткізді. Қазіргі кезде ол Екібастұз қалалық ауруханасының травматология бөлімінде ем қабылдауда. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу