Павлодарда қоқыс контейнерлерін жөндеуге 10 млн теңге жұмсалады

1458

Облыс орталығында барлығы 127 контейнер бар.

Павлодарда қоқыс контейнерлерін жөндеуге 10 млн теңге жұмсалады

Павлодар қаласында осыдан жеті жыл бұрын сынап қалдықтарын жинайтын арнайы жәшіктер орнатыла бастады. Бірақ бүгінде олардың жартысына жуығы жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жалпы көпшілік арасында "қызғылт контейнер" аталып кеткен жәшіктерге сұраныс бар. Тұрғындар, әсіресе егде тартқан адамдар шамдарды сол контейнерлерге салуды әдетке айналдырған. Ал қалдықтарды шығаруға жауапты компания оларды айына бірнеше рет тазартып отырады.

Бірақ шағын аудандарда қойылған контейнерлердің көбінің есіктері сынып, қаңылтырлары қисайып жатыр. Оларды жөндеп, қалпына келтіру үшін жыл сайын бюджеттен миллиондаған қаржы жұмсалады. Мысалы, биыл сынап қалдықтарын сақтайтын жәшіктерді жаңартуға 10 млн теңгеге жуық қаржы бөлінбек.

"Өкінішке қарай, "қызғылт контейнерлерді" сындыратын адамдар азаймай тұр. 100-ден аса жәшік пайдалануға жарамайды. Сондықтан олардың орындарына жаңасын қою қажет", – дейді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова.

Бірақ әзірге жөндеу және жаңарту жұмыстарын жүргізетін мердігер компания анықталған жоқ. Ол белгілі болған соң қауіпті қалдықты шығаратын кәсіпорынмен келісімге келу мақсатында тағы бір мемлекеттік конкурс ұйымдастырылады. Бұл қызметті атқару үшін әкімдік шамамен 3 млн теңге төлеуге дайын.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу