Павлодарда қоқыс полигонындағы өрт салдарынан қаланы түтін басты

464

Елдімекендерге келер қауіп жоқ.

Павлодарда қоқыс полигонындағы өрт салдарынан қаланы түтін басты Фото: baigenews.kz

Павлодар облыстық Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қоқыс полигонынан өрт шыққан.

“11 мамыр күні сағат 17:06-да Павлодар қаласында Успен көпірінің артындағы қалалық қоқыс үйіндісінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер полигон жанып жатқанын анықтады”, - делінген облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.

Қызыл жалын 1,5 га аумақты шарпыған.

Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД 1 бірлік техникасы және 3 қызметкер; жергілікті атқару органынан 5 су тасу техникасы; "Эко Алем-ПВ" ЖШС - 12 камаз, 5 жүктиегіш техника жұмыс істеді. 

Өрт бүгін түстен кейін оқшауланды. Департаменттің мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өрт басталғаннан кейін біраз уақыттан соң Павлодарды түтін басты.

Павлодар облысының Экология департаменті көміртегі оксиді мен шаң бойынша атмосфералық ауаның сапасын өлшегенін хабарлады. Оның нәтижесі тек көміртегі оксидінің асып кетуін көрсеткен.

"Қаланың атмосфералық ауасының сапасына әсері жоқ, жел батыс жақтан. Осы факті бойынша департамент тексеру тағайындауға бастама білдірді, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланады", - деп атап өтті Экология департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу