Павлодарда көлік автобус аялдамасына соғылды

238

Екі адам зардап шекті.

Павлодарда көлік автобус аялдамасына соғылды Фото: instagram/tipavlo.dar

Павлодарда жүргізуші аялдама келіп соғылды. Салдарынан екі адам ауруханаға түсті.

Павлодар облыстық жол полициясының мәліметінше, жол апаты 14 ақпан күні сағат 14:34-те Назарбаев даңғылында болған.

"БМВ-525 көлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Көлік уақытша қамауға алынды. Сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 13 ақпанда таңертең Алматыдағы Райымбек даңғылында үш автобус ірі жол-көлік апатына ұшыраған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 14 адам зардап шеккенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу