Павлодарда көлік өртеген адам мен тапсырыс беруші анықталды

160

Олар Toyota Land Cruser 200 маркалы автокөлікті өртеген.

Павлодарда  көлік өртеген адам мен тапсырыс беруші анықталды Фото: бейнеден скриншот polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында павлодарлық жедел уәкілдер Toyota Land Cruser 200 маркалы автокөлікті өртеуге қатысқан адамдарды анықтады,  деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Павлодар тұрғыны ақшалай сыйақы үшін осы қылмысты алдын ала жоспарлап, Алматы тұрғынына автокөлікті өртеуді ұсынған. Ол келісіп, тез тұтанатын сұйықтықты пайдалану арқылы Майра көшесіндегі үйдің тұрағындағы автокөлікті өртеп жіберген.

— Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер ұсталды, — деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу