Павлодарда көліктерге жалған құжат жасаумен айналысқандар ұсталды

1004

Күдіктілер мінген көліктер Ресейде есепте тұрған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда көліктерге жалған құжат жасаумен айналысқандар ұсталды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Павлодарға кіре берісте Нұр-Сұлтан тұрғындары тізгіндеген Toyota Estima маркалы екі көлік тоқтатылған.

"Тексеру кезінде полицейлер аталған көліктердің техникалық құжаттарына күмәнданған. Ер адамдар жалған техникалық паспорттарды қолданды деген күдікке ілінді, - деп жазылған хабарламада.

Бұл фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы ("жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Көліктер Павлодардағы айыппұл тұрағына қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу