Тараптар бұл одақ қазақстандық колледж түлектерінің біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырып, тау-кен металлургия секторындағы компаниялардың кадрлық мәселелерін шешуге септігін тигізеді деген пайымда.
"Жыл сайын ERG кәсіпорындарында осы колледждердің жүздеген студенті өндірістік тәжірибеден өтеді. Олардың басым бөлігі оқуын тәмамдаған соң өнеркәсіптке еңбек етуге даяр. Топтың Қостанай, Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы кәсіпорындарына 5 жылда колледждердің 3 мыңға жуық түлегі жұмысқа орналасқан", - делінген хабарламада.
Әзірге одаққа жалпы саны 14 техникалық және кәсіби білім беру ұйымы отыр. Оның ішінде 8 колледж Павлодар облысынан.