Павлодарда колонияға телефон кіргізбек болған әйел ұсталды

573

Аталған дерек бойынша ӘҚБтК-нің 481-бабымен әкішілік хаттама толтырылды.   

Павлодарда колонияға телефон кіргізбек болған әйел ұсталды Фото: polisia.kz

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-ның №-44 (ең төменгі қауіпсіздік) мекемесінде жазасын өтеушіге әйелі телефон жеткізбек болған, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеруден өтпес бұрын азаматқа тыйым салынған заттарды алып жүру жауапкершілігі туралы жазбаша ескерту жасалған. Алайда оның жеке заттарын тексеру кезінде қалтасының төменгі бөлігінен SIM-картасы бар телефон табылды. 

– Тыйым салынған заттары алып жүру фактілерінің алдын алу мақсатында сотталғандармен және олардың туыстарымен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп жатқанына қарамастан, азаматтар мұндай әрекеттерді тоқтатар емес, – дейді мекеме басшысы Ардақ Имангалиев. 

Аталған дерек бойынша ӘҚБтК-нің 481-бабымен әкішілік хаттама толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін Павлодар қаласының әкімшілік сотына жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу