Павлодарда компьютерлік клубта ұрлық жасаған күдікті ұсталды

509

Күдікті компьютерлік клубтан джойстиктер ұрлаған.

Павлодарда компьютерлік клубта ұрлық жасаған күдікті ұсталды Фото: Polisia.kz

Бұл оқиға Павлодар қаласында болған. Ер адам Қайырбаев көшесіндегі компьютерлік клубта жүргенде бақылап отырған ешкім жоқ екенін пайдаланып, үш джойстик ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. Жоғалған затты байқаған иесі полицияға жүгінді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 31 жастағы павлодарлық болып шықты, одан ұрланған джойстиктер тәркіленді. Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме – іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы қолданылды", деді полиция қызметкерлері. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу