Павлодар облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті "КДВ Қазақстан" ЖШС-ге қатысты үстемдігін асыра пайдалану белгілері бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Нақтырақ айтқанда, кондитерлік өнімдерді сату келісімшартына түрлі баға мен талап қолданған. Мұндай фактілер антимонополиялық заңнаманың бұзылғанын көрсетеді.
Бұған дейін монополияға қарсы орган "КДВ Қазақстан" серіктестігіне анықталған заң бұзушылық белгілерін ерікті түрде жою туралы хабарлама жолдады. Ол орындалмаған соң, тергеу ісі қозғалып отыр.
Тергеу барысында компания әрекетіне құқықтық баға беріліп, жеткізу шарттарын дифференциалаудың объективті негізі болу-болмауы қаралады.